Газетте байбалам салмай-ақ...

байыппен жазылған мәселелер көп

Ауданның айнасы – «Кең Жылой» газетін ес білгелі оқып келемін. Бірде-бір рет жаздырып алмаған кезім болмаған екен. Өйткені 80 жылдан астам уақыттан бері Жылыой халқымен бірге жасап келе жатқан шежіре-газет қой бұл. Газет бұлақтың суы сияқты тоқтаусыз жаңарып ағып жатқан. Әр аптада ауданда қандайма жаңалық болса, тұрғындар білуі тиіс ақпарат болса, осы баспасөздің бетінен көреміз. Ескі газет тігінділерін қарап отырсаң, жылнаманы көргендей боламыз. Ауданның тарихын да жазатын, тарихты жасайтын адамдарды жазатын - «Кең Жылой». Әлбетте аудан туралы ауданның газеті жазбағанда кім жазады?

Қазіргі аудандық «Кең Жылой» газетінің сыртқы формасы мен ішкі мазмұны ауданның газеті шеңберінен шығып кеткен. «Шындық салыстыра келе шығады» демекші, оны өзге өңірлердегі аудан газеттерімен салыстырғанда анық байқауға болады. 24 бетті, 4 беті түрлі-түсті, суреттермен безендірілуі мен дизайны заманға сай. Біле білгенге суреттің де атқарар рөлі зор, қазіргі уақытта адамдар ұзын-шұбақ мәтіннен гөрі мәліметті суретпен, тақырыппен, қысқаша түсіндірмелермен тез әрі анық ұғады. Түрлі арнаулы беттері мен айдарлары бар. Оның да өз оқырманы бар. Сондай-ақ көрер көз болса, өзекті мәселелер де жазудайын жазылып келеді. Бүгінде кей адам біреуді сойып салып сынамаса, жаманаты бадырайып жазылмаса, көңілдері көншімейді. Бірақ газетті қолыңызға алып, мән бере оқысаңыз, проблемалық мәселелер байбалам салмай-ақ, байыппен жазылғанын көресіз. Аудан газетін редакциядағы тек 3-4 адам шығармайды, ауданның газетін біз, жылыойлықтар жақсы шығаруға атсалысуымыз керек, газеттің құнды ой айтатын авторларын көбейту қажет. Ал үйде диванда отырып сын айту бәрінің қолынан келеді ғой. Мен жылыойлықтарды аудан газетін келер жылда да жаздырып оқуға шақырамын. Өз газетімізді қолдасақ, өзімізді қолдағанымыз ғой.

Сағынбай Бектілеуов,

аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521