Газетіміздің ең алғашқы саны латын әрпімен шыққан...

Елімізде латын әрпіне көшуді кезең-кезеңмен жүзеге асыру қарастырылған.

Латын алфавиті түркі сөздерінің этимологиясына, стильдік құрылымына ыңғайлы . Содан болар, кезінде арабтың теріс қарай жазылатын жазуынан бас тарттық. Төте жазу сол кездегі оқығандарға түсінікті болғанмен, қалың қазақ бұқарасына түсініксіз еді. Араб тілі қытай тілінен кейінгі ең қиын тіл болып табылады. Латын әрпімен бүкіл қазақ баспасөзі кириллицаға ауысқанша жарық көрді.

Солардың қатарында аудандық «Кең Жылой» газеті де болғанын мақтан етеміз. Ол кезде «Социалды ауыл» деп аталатын газетіміздің ең алғашқы саны 1933 жылы латын әрпімен жарық көрді. Газеттің сол кездердегі кезекті бір санының фотокөшірмесін жариялап отырмыз. Латын әрпі біздің тарихымызбен тығыз байланысты, латын әрпіне көшу арқылы біз өткен құндылықтарымызбен қайта қауышып, таныса аламыз.

С.Шәтенова

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521