Электрондық үкімет уақытыңызды үнемдейді

Қызмет алушылардың құқықтарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жаңа Қаратон кентінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде алу мүмкіндіктері жөнінде тұрғындарды ақпараттандыру, көрсету тәртібі мен қызмет алушылардың құқықтарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындармен кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Ғ.Кенженов, «Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы» АҚ Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Жылыой аудандық бөлімінің маманы А. Ибатаева және аудандық дербес бөлімінің басшылары қатысып, тұрғындардан түскен сауалдарға жауаптарын берді.

Қ.Нұртайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521