Депутат 50 адамды «Кең Жылой» газетіне жазды

Қайырымдылық айында облыстық мәслихат депутаты Айтпай Сисенов мүмкіндігі шектеулі жандарды қуанышқа бөледі.

Халық қалаулысы, алдымен, «Ира» мейрамханасына дастархан жайып, аудандағы зейнеткер, тыл еңбеккерлері мен тұрмыс жағдайы төмен адамдарға ас берді. Сондай-ақ, аудандық мәслихат хатшысы Мұхтар Кенғанов, «Нұр Отан» партиясы Жылыой аудандық филиалы төрағасы орынбасары Сайлаубай Таласов, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Серік Қамидолла қатысып, қонақтарға ақ тілектерін арнады. Зейнеткер ұстаз Наурызбай Төлеуов халық әндерін орындап, шараны қыздыра түсті.

Депутат Айтпай Фандыбайұлы мүмкіндігі шектеулі 50 адамды 2019 жылға «Кең Жылой» газетіне жаздырып жатқанын, енді олардың бір жыл бойы аудан айнасына айналған басылымды оқуына мүмкіндік туғанын жеткізді. Оған барлығы ду қол соғып, алғыстарын жаудырды.

П.ҚИЗАТОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521