ads_banner

Дәріханаларда маска жоқ

Үкіметіміз де қарап қалмай, коронавирустың алдын алу үшін Жарлық шығарып, Үндеу жолдап, карантин жариялап, сақтық шараларын қолға алып жатыр. Елді індеттен сақтау үшін республикалық бюджеттен 3,5 млрд-тай қаржы бөлінген екен. Десе де, елімізде маска тапшылығы халықты алаңдатып отыр.

Еліміздің өзге қалалары сияқты өзіміздің Құлсары дәріханаларында да індеттің хабары естілгелі медициналық маскалар зәру заттай жоғалған. Рас, ғаламтор желісінде неше түрлі ақпараттан көз тұнып, бас айналады.

«Сақтансаң - сақтармын» дегенді ұмытпайық, әлем аурудан қорғанудың алғышарты деп масканы пайдаланып жатқан жоқ па? Олай болса, аурудан сақтанудың яки бір адамнан екінші адамға таралмауын аз да болса қамтамасыз етіп тұратын маскалардың дәріханаларда мол қоры болуы, тіпті көпшілік жиналатын жерлерде тегін таратылуы қамтамасыз етілгені дұрыс қой. Осыны құзырлы орындар мәнісін біліп, реттесе болар еді.

С.ӘЛИ

COVID 19

covid

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Жарнама

ads_banner2

ads_banner