ads_banner

Чек бермегенге айыппұл

Мемлекеттік кірістер комитеті 2019 жылғы 12 тамыз бен 30 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында жүргізіліп жатқан тексеру кезінде қызмет көрсетушілердің бақылау-кассалық машинадан фискалдық чектерін бермейтін фактілерін анықтады. 52 адамға 1000 теңге көлемінде сыйақы төленді.

Олар өздеріне сатушылар чек бермегендіктерін хабарлаған еді. Яғни чек төлемегендерді анықтаған адамдардың ұялы телефонының теңгерімі толтырылды .2019 жылғы 30 қыркүйектен бастап осы пилоттық жоба республиканың барлық аумағына таратылды, яғни чек бермеу фактісі туралы хабарлаған адамдарға сыйақы төлеу (ұялы телефон теңгерімін толтыру) бүкіл Қазақстан бойынша жүргізіледі. Жауапкершілікке тартудың дәлелдері мыналар болып табылады: әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылған тұлғаның түсінігі, жәбірленушінің айғақтары, куәгерлер; маманның, сараптамашының қортындысы  және көрсеткіші, заттай айғақтар; басқа да құжаттар; ӘҚК қарастырылған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және процессуальдық іс жүргізу хаттамасы. Сондықтан сыйақы тек сатушының  БКМ чекін беруден бас тартуынн видеоға түсірген кезде, дүкеннің атауы мен мекен-жайы, сауда үйінің, базардың атауы (сауда үйіндегі дүңгіршектің, базардағы орынның нөмірі) және фискалдық чек бермеген тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер көрсетілген жағдайда төленеді.  Мемлекеттік кірістер комитеті еліміздің барлық азаматтарын чек бермей, өзінің табыстарын жасырушы салық төлеушілерді айғақтауға және осы жобаға белсенді қатысуға шақырады. Барлық жолданылған өтініштер Мемлекеттік кірістер органдарында өңделетін болады. Бейнематериалдарды Apple App Store және Google Play market қосымшаларынан тегін жүктеуге болатын «Wipon» ұялы қосымшасы арқылы жолдауға болады. Шағым жолдаған жағдайда қосымша өз тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын (болған жағдайда), ЖСН және байланыс телефонын көрсетіңіз. Бұл деректер бұзушылық фактісі расталған және фискалдық чек бермеген адамды жауапкершілікке тартқан жағдайда сыйақы төлеу үшін қажетті. Фискалды чектерді consumer.oofd.kz сайтында тексеруге болады. Осы ретте, техникалық талаптарға сәйкес берілген фискалдық чек мәліметтері 72 сағат ішінде жолдануы мүмкін. Сондықтан берілген чекті фискалдық деректер операторы базасында таба алмаған жағдайда 3 күнге дейін күту қажет және содан кейін қайта тексеру қажет. 72 сағат өткеннен кейін ақпарат болмаған жағдайда Мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге болады.

Жылыой аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner