ads_banner

Бостандықтың қадірін бағалай біл

Қалғандары есептен шығарылған. Есепте тұрған сотталғандар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу, қайталама қылмысты болдырмау, сот жүктеген міндеттерді орындау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Полиция қызметкерлері оларды мекен-жайларынан және жұмыс орындарынан тексеріп, профилактикалық жұмыстар үнемі жүргізіп отыр. Өткен жылы «Пробация», «Құқықтық тәртіп», «Шартты түрде», «Участок» атты бірлескен республикалық жедел-профилактикалық шаралар өткізілді.

Жаза өтеу тәртібін бұзған тұлғаларға қатысты іс-шара кезінде аудандық сотқа 6 ұсыныс жолданды. Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы жасалып, барлығы 91 жеке бағдарлама толтырылды. 67 жеке бағдарлама орталық ауруханаға жолданып, 15 адамға медициналық, ал 52 адамға психологиялық көмек көрсетілді. Жұмыспен қамту орталығына 34 жеке бағдарлама жолданып, 17 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. 4 адам қайта даярлау курсынан өтті. 3 адам «Апек» ЖШС оқу орталығына мамандық алуға жолданды.

Сонымен қатар 2 адамға материалдық көмек, 1 адамға тұрғын үймен қамтамасыз ету, 2 адамға жер телімін алуына қолдау көрсету үшін ұсыныс жолданды. Ауданымыздағы жеке кәсіпкерлермен меморандум жасақталып, «Айсұлтан» мекемесі азық-түлікпен қамтамасыз етті. «Мектепке жол» акциясы кезінде аудандық мешіт имамы мен пробация бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жағдайы төмен отбасыларға қаржылай қолдау көрсетілді.

Пробация бөлімінде еспте тұрғандар арасында мемлекеттік бағдарлама аясында несие алып, өз кәсібін дөңгелентіп отырғандар да бар. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында «Бизнес бастау» жобасын оқып, мемлекеттік грантты ұтқан адам бар.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен «Сенімді құрылыс», «Интертаско», «Даларо», «Юнекс-строй», мекемелерінің демеушілігімен жаңажылдық шырша ұйымдастырылды. Оған пробация бөліміндегі есепте тұрған 32 ата-ананың 75 баласы қатысты.

Жоспарға сәйкес өткен жылы пробация бөлімімен 7 жиналыс өтті. Прокуратура, ЖПҚ өкілдері және сотталғандардың қатысуымен жаза өтеу қағидалары мен әлеуметтік құқықтық көмек көрсету мәселелері туралы 3 жиналыс өткізілді. Қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында қоғамдық мәдени және спорттық шараларға тарту жұмыстары ұйымдастырылды. Атап айтсақ өткен жылы 7 спорттық шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар мереке уақытында есепте тұрған жандар арасында кір тасын көтеру, шахмат, арқан тартыс, үстел теннисі, кіші аяқдоптан жарыстар ұйымдастырылды.

Тоқсан сайын аудандық мешіт имамы, Дін істер басқармасының қызметкерлерімен «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының мамандарымен бірлесіп жиналыс өткізілді. Онда есепте тұрған азаматтарға түсінік жұмыстары жүргізілді. Дегенмен есепте тұрғандардың арасында 7 қайталама қылмыс жасау фактісі тіркеліп отыр (2018 жылы 9 ). Алдыңғы жылмен салыстырғанда 22,2 пайызға төмен. Қарап отырсақ бұл азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілген. Дегенмен олар өздеріне берілген мүмкіндікті дұрыс пайдалана алмай, бостандықтың қадірін бағалай алмады.

Г.Карабалин,

Жылыой аудандық пробация қызметінің аға инспекторы,

әділет капитаны

COVID 19

covid

Күнтізбе