Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Өткен аптада аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен «Шаңырақ» мейрамханасында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Оған Теңіз кенішіндегі Ұңғыма ернеуі қысымын басқару жобасы, ТШО-ның келешек кеңею жобасына қатысып отырған мердігер мекемелер қатысты. Дәлізде аудандық және Маңғыстау облысына қарасты Боранқұл ауылдық округінің Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері келушілерді тізім бойынша тексеруден өткізді. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жәрмеңкенің өткізілу барысын аудан әкімінің орынбасары Фарида Ахметова, бөлім басшысы Серік Қамидолла бақылап, тұрғындардың сауалына жауап та берді. Оған ауданымыздағы жұмыс іздеген 800-ден астам азамат қатысып, жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін сұхбат құрды. Сұрақтарына жауап алған жұмыссыз тұрғындар түйіндемелерін тапсырды.

Тұрғындардың жұмысқа орналасуына көмектесу мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге Теңіз кенішіндегі жұмыс беруші 20-дан астам мекеме қатысты. Атап айтсақ, жәрмеңкеге «Chem Invest», «Кентек», «КазТрансКом», «Consolidated Contractors Company», «Инжиниринг энд констракшн кампани», «АтырауЭнерджиТекСервис», «COCR», «Кариер-Холдинг», «Болашақ», «QHSE-Акбарыс», «КГНТ», «Фиркрофт», «CCEP», «Уорли Парсонс», «Құлсарыгаз», «ГАТЕ», «Бексол», «Интеренг», « Геосервис», « Насар Солушнс», «Сичим», «Денхолм Жолдас», «КазКомСервис», «Велесстрой» компаниялары шақырылып отыр,-дейді аудандық Жұмыспен қамту орталығының басшысы Қайрат Омаров.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521