Бізге асфальт қашан төселер екен?

Тұрғындарды алаңдатар мәселе көп.

Біз - Құлсары қаласындағы Тайманов (бұрын №301 көше, соңғы уақытта Бекбике деп те атап жүр) көшесінің тұрғындарымыз. Қаламызда ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын көріп, естіп отырмыз. Жыл сайын қала көшелеріне жаңадан жолдар төселуде. Дегенмен осындай игіліктің біздің көшемізге жетпей жатқаны қынжылтады. Жауын-шашын болған уақытта көшеміз балшық болып, жүріп-тұруымыз қиындайды. Әсіресе кішкентай балалар мен қарттарға қиын. Тұрғындардың өз күшімен төсеген тастары жауынды күні быт-шыты шығып, ойқыш-ойқыш болып қалған. Үйлерімізге жеңіл көлікпен кіріп-шығу қиынға соғуда. Алдымызда күз келеді. Ауа райы жауын-шашынды болатыны белгілі. Осы мезгілде жол машақатын көреміз. Сонымен қатар Құрсай өзегінің үстіне төсемтастар төселсе... Себебі балалар мектепке сол жермен барады. Жағалауға жарықтар қойылса... Күн қысқарып, түн ұзарған уақытта балалар мектепке барып келгенше уайымдап отырамыз. Тұрғындардың мәселесін ескеріп, көшемізге жол төселсе деген тілегіміз бар.

Бір топ қала тұрғыны

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521