Бес адам көміртегі тотығымен уланды

Құлсары қаласының бес тұрғыны көміртегі тотығымен уланған

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Құлсары қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде тұрғындар газ пешін дұрыс пайдаланбауы салдарынан қайғылы жағдайға душар бола жаздады.

Нақтырақ айтсақ, зардап шеккендер 29 жастағы әйел және оның 12, 10, 8 және 6 жастағы балалары. Олар пештен шыққан көміртегі тотығымен уланған. Зардап шеккендер жедел түрде аудандық орталық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйлеріне жіберілді.

2019 жылы облыста 297 өрт тіркелді, бұл 2018 жылға қарағанда 26 жағдайға аз. Өткен жылы өрттен 8 адам қайтыс болды, 9 адам жарақат алды.

pricom.kz

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521