Басты мақсат - қылмыстың алдын алу

Жақында аудан әкімі Әлимұхаммед Құттұмұрат-ұлының төрағалығымен Жылыой ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жергілікті ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің штаб басшысы Рафаэль Төлешов баяндама жасады. Ол өткен жылдары облыс көлемінде атқарылған шараларға тоқталып, басты мақсат сыбайлас жемқорлықтың алдын алу екендігін атап өтті. Аталған департамент басшысының орынбасары Мұрат Данияров облыс көлемінде орын алған сыбайлас жемқорлық фактілеріне тоқталды.  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ұтымды ұсыныстар күтетінін жеткізіп, осы бағытта бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

 Аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Назгүл Қарабалина 2016-2017 жылдар мен 2018 жылдың өткен кезеңінде бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған шаралар туралы баяндады.  Одан кейін аудан прокуроры Дәурен Медетбеков  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөнінде айтып өтті. Аудан прокурорының айтуынша, өткен жылы ауданымызда сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелмеген.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521