Балабақша жұмысы партия назарында

Бала – біздің болашағымыз.

Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп өсіру өз қолымызда. Өткен аптада «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының бақылау комиссиясы ауданымыздағы балабақшаларға бақылау жүргізді. Комиссия мүшелері балалардың жатын орындары, гигиеналық құралдарының тазалығы, қауіпсіздігі, күнделікті ішетін ас мәзірімен танысты.

Кейбір балабақшаларда орын алған келеңсіз көріністерге орай сын-ескертпелерін айтылып, оны жоюға уақыт берілді. Партиялық бақылау жұмысы алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауданымыздағы балабақшалардың жұмысы назарда болатыны айтылды.

Қ.НҰРТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521