Ауылымыздың дербес бюджеті бар

2018 жылдан бастап ауылдық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың  дербес  бюджеті  енгізілді.

Төртінші деңгейлі бюджетте сол ауыл аумағындағы кәсіпкерлерден, мүлік, жер, көлік салықтары сынды алты түрлі салық қарастырылған. Бұдан бөлек әкімшілік айыппұлдан, жеке және заңды тұлғалардың салымдарынан, жол бойындағы сыртқы жарнамадан түсетін, коммуналдық меншіктегі мүліктерді жалға беруден түсетін салықтық емес түсімдер бар. Олар да осынау бюджеттің кірісі болып табылады. Әкімдер округ шығысының қаншасы осынау кіріс көздері арқылы жабылатынын айқындаған соң, жетпейтін бөлігіне жоғары тұрған бюджет арқылы трансферт (субвенция) беріледі.

Қосшағыл ауылы жергілікті қоғамдастығының 11 мүшесі бар. Былтыр тоғыз мәрте жиналыс өткізіп, ауылымыздың бюджетін, ондағы қаржыны ауылымыздағы өзекті мәселелерді шешуге бағыттауды талқылады. Бұл қаржы ауылды санитарлық тазалау, көгалдандыруға және абаттандыруға, көшелерді жарықтандыруға жұмсалады.

Енді әкім өзі ғана емес, жергілікті тұрғындар арасынан шыққан қауымдастық өкілдерімен бірлесіп, ауылдағы өзекті мәселелерді шешуге өз бюджетінен қаржы бөле алады. Осылайша, жергілікті қоғамдастықтың мүдделері ескеріле отырып, жергілікті өзін-өзі басқару ауылды дамытудың басты тетігі болып табылады.

Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппараты

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521