Ауданымызда қысқа дайындық тексерілді

Жақында «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында «Қыс - 2018» республикалық командалық штабтық-оқу-жаттығуы өтті.

Оқу-жаттығу 1 қараша күні 08 сағат 01 минутта «Дабыл-1001» сигналымен басталды. Дабыл бойынша орталықтандырылған хабарлау жүйесі арқылы аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу мен зардаптарын жою жөніндегі комиссия мүшелеріне хабар беріліп, Жылыой ауданының шұғыл әрекет ету жасағы құрамында 96 адам және 32 бірлік техникасымен «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы алаңында сапқа тұрғызылды.

Аталған шараны аудан әкімінің орынбасары Қ.Бағынов, төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Е.Өскенбаев жүргізді. Саптық қарау барысында әр қызметке нақты тапсырмалар қойылып, міндеттер жүктелді. Оқу-жаттығу кезінде жағдайды талдау, шешім қабылдау үшін ұсыныстар, жоспарлау нұсқалары, қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайды жоюдың мемлекеттік жүйесі дайындалды.

Қызметтердің тәжірибесін іс жүзінде машықтау мақсатында оқу-жаттығудың шарттарына сәйкес, шұғыл әрекет ету қызметтерімен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жойылды. Оқиға орнында зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету және құтқару жұмыстары жүргізілді. Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша күш пен құралдардың қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындығына оң баға берілді.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521