Аудандық сот қызметіне 90 жыл

Ұшқан құстың қанаты талатын Ертістен Еділге дейін созылған кең-байтақ еліміздің батысында орналасқан Атыраудай киелі мекеннің бір отауы - қасиетті Жылыой топырағы.

Ұшқан құстың қанаты талатын Ертістен Еділге дейін созылған кең-байтақ еліміздің батысында орналасқан Атыраудай киелі мекеннің бір отауы - қасиетті Жылыой топырағы. Киелі мекен елімізге ғасырдан астам уақыт асыл байлығымыз - қара алтынды беріп келеді. Сол өндірісті өлкеде ұлы той. Жылыой ауданының құрылғанына 90 жыл толып, екі ұрпақтың ғұмырлық тәжірибесін таразылап, артқа тастап отыр. Мерейтой құтты болсын, жылыойлықтар!

Жылыой аудандық сотының тарихы

Ресейдің әкімшілік-территориялық басқару жүйесіне сай Кеңес үкіметі орнағанға дейін Жылыой ауданы көлемінде үш облыстық атқару комитеті Ракуш, Бұланды, Қарабайлы атқару комитеттері болып, олар Адай округіне бағынған. 1928 жылдың 6 мамырында Қазақ Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен Жылыой ауданы құрылды. Қаулыға байланысты осы жылы ұйымдастыру комитеті құрылып, оның төрағасы болып Сапарғалиев Аман, мүшелері болып Жанғалиев Ислам, Тағанов Ашығали, Қарасахауов Асылхан бекітілді. Советтердің бірінші аудандық сьезі 15 наурыз 1929 жылы өтті. Аудан әр кезде Жылой, Ембі, Жылыой аттарын иемденді (1963 жылға дейін Жылой, орысша Жилокосинский), орталығы Құлсары қаласы болған. Облыс мұрағатында сақталған деректер бойынша облыстық (бұрынғы уезд) сот жүйесі 1920 жылдың 18 қыркүйегінде құрылып, 1922 жылдың 1 қазанында таратылған. 1928 жылы округ құрылуына байланысты 7 аудан ашылып, аудандарда сот қызметтері құрылған.

Аудандық сотта судья болып Қымызғали Жұмағалиев, Аманбай Баймағамбетов, Ербол Майпасов, Мұратқали Ысқақов, Гүлжихан Мутиева, Сания Кенжалиевалар қызмет етті. Сондай-ақ аудандық сотта судья болған Мұратқали Ысқақов қазіргі таңда Мақат аудандық сотының төрағасы, Гүлнар Карабалина мен Бағила Нұржановалар Атырау облыстық сотының судьясы болып қызмет етуде. Көп жылдар аудандық судья болып қызмет еткен Жаңыл Кенжебаева қазірде отставкада, яғни зейнеткерлікке шығып отыр. Ұзақ жылдар аудандық сот қызметінде маман болған Роза Унайбекова мен Сауле Турениязовалардың да қосқан үлесі зор. Бүгінде Жылыой аудандық сотының судьялары болып Жәнібек Аятов, Руслан Алдамбергенов, Абай Асалов, Шолпан Исмагамбетова, Арайлы Балмұханова және мамандар әділдік жолында қызмет етуде.

Болатбек Жұмабаев, Жылыой аудандық сотының төрағасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521