Хал-жағдайын сұрап, аналардың ұсыныстарын тыңдады.
8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Жылыой ауданы әкімі Азамат Бекет тыл еңбеккерлері мен мүмкіндігі шектеулі аналарды құттықтады. ⠀

Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек еткен Жамила Қойшыбаева, Асыл Утеулиева, сондай-ақ 1 топ мүгедегі Жаңыл Тлеубековалардың үйіне арнайы ат басын тіреді. ⠀

Азамат Бекет мереке иелеріне сый-сияпатын ұсынып, ізгі тілегін арнады. Хал-жағдайын сұрап, аналардың ұсыныстарын тыңдады. Мұндай құрметке ризашылығын білдірген аналар алғыстарын айтып, ақ батасын берді.
Жылыой ауданы әкімдігі


