Аудан кәсіпкерлерінің құқы қорғалады

Бұл мобильдік топтың жетекшісі - аудан прокуроры Дәурен Медетбеков.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау үшін аудандық прокуратура, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі және «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасының Жылыой ауданы бойынша филиалымен бірлескен мобильдік топ құрылған болатын. Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына сәйкес Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтату жөніндегі қаулыға қол қойды. Осыған сәйкес, өткен аптада аудандық прокуратура мен «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасының аудандық филиалы бірлесіп, аталған мораторийді түсіндіру мақсатында жиналыс өткізді. Оған аудандық уәкілетті органдар және кәсіпкерлер қатысты.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын кәсіпкерлікті, оның ішінде микрокәсіпкерлікті дамыту мақсатында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге тыйым салып, 3 жылға мораторий енгізді. Ол 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2023 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімге белгіленді. Осы Жарлыққа сәйкес аудан прокурорының өкімімен мобильдік топ құрылды. Түсінбейтін сұрақтар мен мәселелер болса, бірлесіп талқылап шешеміз. Заңсыздыққа жол бермеуіміз керек. Бұл - бас прокуратура мен облыстық прокуратураның қойып отырған талабы. Қай жерде қандай тексерулер жүргізіп жатырсыздар, күнделікті қадағаланып отыратын болады. Осы Жарлықтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген тексерулер орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының шешімі негізінде ғана жүргізіледі. Біздер «Атамекен» кәсіпкерлік палатасына және аудандық кәсіпкерлік бөліміне шағын бизнес өкілдері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде хат жолдадық. Мұны өз тарапымыздан да жүргіземіз,-деді аудандық прокуратураның прокуроры Саид Ажмухамедов.

Аталған мобильдік топ құрамына аудандық прокуратураның прокурорлары Саид Ажмухамедов, Хамит Оралбек, Медет Ізбаев, «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасының Жылыой ауданы бойынша филиалының директоры Ерболат Төлендиев, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Қанат Мыңбаев енгізілген. Бұл мобильдік топтың жетекшісі - аудан прокуроры Дәурен Медетбеков. Мобильдік топпен 8705 246 6983 номері арқылы хабарласуға болады. Аталған топтың негізгі мақсаты - кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, заңсыз тексерулерді болдырмау.

Қ.Нұртайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521