Қариялар батасын береді екен...

 Құлсары қаласындағы Жылыой мұсылмандары орталық мешітінде «Қария батасы – ел берекесі» атты облыстық бата жарысы өтті.

Оған Атырау қаласын қосқанда облысымыздың барлық аудандарынан 18 ақсақал қатысты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкіл имамы, «Иманғали» мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысып, қазылар алқасына төрағалық етті. Бата беру бәсекесін ашқан Алтынбек қажы мен аудан әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» дегендей, ата-бабамыздан дарыған осы бір керемет халықтық құндылығымыздың қасиетін жоғалтпай жүрген қарияларға сәттілік тіледі. Қатысушылар, алдымен, алдын ала дайындап келген батасын беріп, екінші турда жеребеден тақырып суырды.

Нәтижесінде рухани бәсекеде бақ сынаған жылыойлық ақсақал Құсайын Жәкеев аудан намысын абыроймен қорғап, Бас жүлдені жеңіп алды. Ал Атырау қаласынан ат арытып келген Машрық Олжабаев І орынды иеленді. Екінші және үшінші орындарды исатайлық Бекежан Өтепқалиұлы мен Махамбет ауданының намысын қорғаған Әміржан Молдашұлы өзара бөлісті.

bata1

Бас жүлдеге Умра қажылығына жолдама берілсе, бірінші орын иегері 200 мың теңге, екінші орын 100 мың, ал үшінші орын 50 мың теңгемен марапатталып, қатысушылардың барлығына бағалы сыйлықтар үлестірілді. Жеңімпаздарды марапаттаған облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы ислам дінінде де бата берудің жас ұрпақ үшін маңызды, мәні зор екенін атап өтсе, аудан имамы Арман Исаев жарысқа демеушілік танытқан «Жал-Жан» серіктестігінің директоры Еркін қажы Арынұлына алғысын білдірді.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521