ads_banner

Аралтөбе су қоймасы неге ұмыт қалды?

Жақында Жем өзеніне жол түсіп барғанбыз. Сөйтсек жаз ортасынан енді ауған шақта өзен суы ағысын тоқтатыпты. Бұл ауданымызға су қоймасының қажеттігін көрсетіп отыр. Өткен ғасырдың елуінші жылдарының аяғында, Жем өзенінің бойында, суармалы егістік көлемін кеңейту, көкөніс-бақша, сүт пен ет өнімдерімен мұнайшыларды кідіріссіз қамтамасыз ету мақсатында Аралтөбе су қоймасын салу жоспарланған болатын. Жем өзенінің ағынды суын реттеуді көздеген осы су қоймасының құрылысы Жылойдың ауылдары мен тұрғындарын, Маңғыстау ауданының елді мекендерінің бір бөлегін сумен қамтамасыз етуде ерекше маңызды.

Жем бастауын Ақтөбе жерінен алады. Өзеннің ұзындығы 712 шақырым, су жинайтын алқабы 40,4 мың шаршы шақырымды құрайды. Қателеспесек, осыдан 3 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов бастаған топ аудан тұрғындардың өтініші бойынша Жем өзені мәселесіне орай Ақтөбе облысына барған болатын. «Біз барған Егіндібұлақ ауылында екі жүзге тарта бұлақ болған. Олардың басым көпшілігі бітелген. Бұлақтар мемлекет назарынан тыс қалған, есебі жүргізілмеген. «Елімізде қанша бұлақ бар, олардың жағдайы қалай?» деген сұраққа жауап беретін бірде-бір мемлекеттік орган жоқ. Сондықтан, қолданыстағы су қатынастарына байланысты заңнамалық актілерді жетілдіру қажет. Мен сол кезде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, осы мәселелерді шешу туралы ұсыныс бердім. Екіншіден, жоғарыда айтқан 14 өзеннің арналарын аршу керек. Өзеннің Каспийге құяр сағаларын тікұшақпен аралап шықтық. Ол 800 шақырымға созылып жатыр. Тікұшақтан Жем арнасының кей тұстары толықтай бітеліп, судың бірнеше тармақтарға бөлініп кеткені анық көрінеді, -деген Сәрсенбай Құрманұлы. Ол болашақта қомақты қаржы мен үлкен күшті қажет ететін жұмыстың маңыздылығын ескеріп, қолға алу, көршілес екі облыстың күшін біріктіру қажеттігін де айтты.

Жем өзенінің бойынан су қоймасын салу – кезек күттірмейтін міндет екенін жеткізді. Бүгінде Жем өзені бойында егін егіп, мал бағып отырған шаруалар көбейіп келеді. Судың болмауы, әсіресе, егін еккен шаруаларға қиын тиетіні рас. Көктемде бастап жер жыртып, дән салып, ала жаздай өсіріп, енді өнім ала бастаған кезде судың болмай қалуы шаруаларға қиындық туғызбақ.

Қ.НҰРТАЙҰЛЫ

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner