Қарақшылар құрықталды

Өткен аптаның сейсенбісіне қараған түнгі сағат 5-тер шамасында қаладағы бір жанар-жағармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды.

Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары Серікқали Тасқалиевтің хабарлауынша, шолақ мылтықпен, суық қарумен қаруланған белгісіз екі ер адам жанар-жағармай бекетінің ішіне кіріп келіп, қорқытып ақша талап еткен. Олар жанармай құю бекетінен 500 мың теңгенің үстінде қаржы алып кетті.

Бірақ қарақшылық жасаған екеу көп ұзамай құрықталды. Олар 26-27 жастағы тепсе темір үзер жас жігіттер болып шықты. Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктілер сот арқылы қамауға алынып, алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр.

Е.Есенов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521