Қандастарымызға биыл бөлінген квота саны қандай?

Биыл 1378 қандасымыз елге оралып, солтүстік облыстарға қоныстанады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет оралмандарды қабылдауға осыншама өңірлік квота бөлді. Бұл туралы Қазақ радиоларының Жаңалықтар қызметі хабарлады.

Қандастардың 500-і - Павлодар облысына, 350-і - Қостанай облысына, 258-і - Ақмола облысына, 150-і - Шығыс Қазақстан облысына, 120-сы - Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келмек.

Өңірлер бойынша бөлінген квота саны осындай. Квота саны өткен жылмен салыстырғанда азырақ. Мәселен, 2019 жылы 2 мың 31 өңірлік квота бекітілген. Азаматтарды халық саны аз өңірлерге орналастыру мақсатында Үкімет 2016 жылдың 18 ақпанында оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы қаулы қабылдаған.

Қандастарымызға аталған өңірлерге қоныстануына байланысты материалдық көмек беріледі. Отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК немесе 92 мың 800 теңге біржолғы төлем төленеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Көші қон қызметін мониторингілеу басқармасының басшысы Дастан Айтқұловтың айтуынша, тұрғын үйді жалға алу, сондай-ақ, коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін 12 ай ішінде отбасына 15-тен 30 АЕК немесе 6 мың 100-ден 72 мың 200 теңге көлемінде қаржы төленеді.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, ақын Ауыт Мұқибектің сөзінше, оралмандарға өңірлік квота бөлу - құптарлық жайт, алайда тетіктері әлі де жетілдіруді қажет етеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, былтыр 17 мың 661 азамат тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алған.

Жалпы тәуелсіздік жылдары елге 1 млн 57 мың 280 этникалық қазақ оралған.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521