«Алтын сапа» конкурсының жүлдегері атанды

Жерлесіміз Мейрамбай Базарбай "Алтын сапа" сыйлығына лайық деп танылды

"Алтын сапа" сыйлығы конкурстық негізде талапкер кәсіпорынның өнімі немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері, сондай-ақ менеджмент жүйелерін енгізгені үшін жыл сайын берiледi. Сапа саласындағы жетістіктері үшін берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығымен марапаттау рәсімі желтоқсан айының ортасында Нұр-Сұлтан қаласында өткен болатын. Оған әр өңірден көптеген кәсіпорын басшылары қатысты.

meyrambay1

Республикалық конкурсқа Жылыой ауданы атынан Мейрамбай Базарбай басқаратын «СапаСтройСервис» мекемесі қатысып, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша қола жүлдені жеңіп алды. «СапаСтройСервис» мекемесінің басты міндеті адам өмірін сақтандыру болып табылады.

Бұдан өзге аталған мекеме тұрғындарды белгілі бір кәсіпке даярлап оқыту және тұрақты түрде жұмыспен қамтумен де айналысады.

Ш.ХАМИТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521