Алаңда нәзік жандар

Қара Арна ауылдық округінің орталығынан пайдалануға берілген спорт мектебінің ашылғанына жыл толмаса да, ол көптеген спорттық іс-шаралар өтетін орталыққа айналды.

Мектеп директоры Зияда Нұрғазиеваның ұйытқы болуымен мұнда, тіпті, ауыр атлетика үйірмесі де ашылды. Жас жеткіншек штангашылардың облыстан жүлделі орындармен оралғандығын газетімізде бұған дейін хабарлаған едік. Ал таяуда волейболдан ұйымдастырылған аудандық біріншілік кезінде алаңға тек қана қыз-келіншектерден құралған командалар ғана шықты.

Дәлірек айтқанда, біріншілікке барлығы «Қосшағыл», «Жаңа Қаратон», «Достар» және «Шоқпартоғай» атты төрт команда қатысып, күш сынасты. Ойынның алғашқы сәттерінен-ақ алаң иелері келген қонақтардан тәжірибесі мен күшінің басым екендігін байқатты. Одан «қосшағылдықтар» да қалысқан жоқ. Бірақ ойынның аты ойын. Жеңімпаз барда жеңіліс те бар. Тартысты ойынның нәтижесінде үшінші орын «жаңа қаратондықтардың» үлесіне тисе, екінші орынды «Қосшағыл» командасы жеңіп алды. Ал біріншіліктің бірінші орынын «Шоқпартоғайдың» қыздары қанжығасына байлады.

Жеңімпаздар ұйымдастыру алқасының арнайы дипломы мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Е.БИСЕКЕНҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521