ads_banner

Қалаға 50 бағдаршам қойылады

Құлсары қаласындағы 7 қиылысқа бағдаршам қою жоспарлануда.

- Махамбет даңғылы мен Нәдіров көшесі, Махамбет даңғылы мен Сыдиықов көшесі, И.Тайманов көшесі мен С.Датов көшесі, Әбдірахманов көшесі мен Әжіғалиев көшесі, Махамбет даңғылы мен С.Датов көшесінің қиылыстарына қойылады. Сонымен қатар «Анашым» балабақшасының қасындағы қиылыс, И.Тайманов көшесі мен Қашаған көшесі қиылысы. Барлығы 50 бағдаршам қондырылады. Бұл жұмыстарды мердігер «Жайық Жарығы» ЖШС жүргізбек,-дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Е.Ысмағұл.

Қ.Дүйсенбетов

COVID 19

covid

Күнтізбе