Айтыскерлер ауданды жырға қосты

Жылыой ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық ақындар айтысы кең көлемде өтті.

Жылыой ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық ақындар айтысы кең көлемде өтті.

Оған еліміздің әр өңірінен 14 ақын қатысып, айтысты ҚР еңбегі сіңген қайраткері Ж.Ерман жүргізді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде Жылыой ауданы әкімі А. Бекет сөз сөйлеп: «Халықтан тапсырма алдым, Жылыойға үлкен мәдениет сарайын салу керек», - деді.

Бас жүлдені түркістандық Бекарыс Шойбеков қанжығасына байлады. І орынды жылыойлық ақын С.Сәрсенбаев, ІІ орынды Р.Қайыртайұлы, ІІІ орынды Ж.Мусина жеңіп алды. Жылыойдың ақтаңгер ақыны Салауат Исақаев атындағы арнайы жүлдені Серік Қойшығұлов иемденді.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521