"Аэлита" есігін айқара ашты

Халық саны артқан сайын Құлсары қаласының аумағы үлкейіп, бұрын-соңды бос жатқан жерлерде көптеген жаңа нысандар бой көтеріп келеді.

Халық саны артқан сайын Құлсары қаласының аумағы үлкейіп, бұрын-соңды бос жатқан жерлерде көптеген жаңа нысандар бой көтеріп келеді. «Оңтүстік аэропорт» ықшамауданында тағы бір азық-түлік дүкені іске қосылды. Халық көп шоғырланған бұл жерге шын мәнінде бір сауда нысаны керек еді. Енді тұрғындарға майда-шүйде тұрмыс қажеттіліктері үшін базар асып кетудің керегі жоқ.

Дүкен иесі А.Дәулеткереева: «Отбасымызбен өз қаражатымызға осы азық-түлік дүкенін ашып, кәсібімізді бастап жатырмыз. Қолға алған жұмысымызды бір жолға қойғаннан кейін халық игілігіне жарайтын өзге де ғимараттар салудың жобасын жасамақпыз», - дейді.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521