ads_banner

Ақсақалдар берген ақ бата

Өткен аптада жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға ас берілді.

Қайырымдылық дастарханында ақсақал Абдолла Абдрахманов ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Жиналған халыққа ақ батасын берді. Наиб имам Думан Мұратұлы ата-ананы сыйлау туралы сол жердегі жастарға ақыл-кеңесін айтты.

Бөлім басшысы Н.Сауытов «Мәдина» мейрамханасының ұжымына алғысын білдірді. Ақсақал Дүйсәлі Қалдыбаев ән орындап берді. Нұрмұхаммед Есенәлі қарт ақжарма тілегін айтты. Қарияларға өнерпаздар да әндерін шырқап, көңіл күйлерін көтерді.

Ж.Шаңқанова

COVID 19

covid

Күнтізбе