Ақпараттық-анықтамалық қызмет тәртібі өзгерді

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры 2018 жылғы 24 желтоқсанда мемлекеттік қызмет көрсету стандартына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Енді «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы беру» қызметін «үшінші тұлғаның» да алуына болады. Үшінші тұлғаның рөлінде жеке, сондай-ақ заңды тұлға болуы мүмкін. Ал қызмет алушы ретінде тек жеке адам ғана қатыса алады.

Мұндай жаңалық жұмысқа орналасу кезінде жұмыс берушілердің азаматтардан соттылығы туралы анықтаманы талап етуін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Үшінші тұлғаға қатысты мәлімет анықтама сұратып отырған адамның келісімімен «Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда көрсетіледі.

Ол үшін қызмет алушы өзіне қажет тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) теріп, электронды қолтаңба арқылы қажетті анықтаманы алады. Тұлғаға телефон арқылы СМС хабарлама түседі. Хабарламаға жауап беру арқылы ол өзіне қатысты мәліметті алуға өз келісімін береді.

Сонымен қатар қызмет көрсететін Мемлекеттік корпорация филиалын таңдай отырып, қағаз жүзінде соттылық туралы анықтама беретін «Электрондық Үкімет» веб-порталының көмегімен электрондық сұрау салуды жолдау сервисі іске асырылды. Қызмет баламасыз түрде тек «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі.

Аталған қызметті көрсету мерзімі 17 күнтізбелік күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Ж.Абдрахманова,

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика

және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша

басқармасының құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521