ads_banner

8 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтың бастамасымен елімізде «Бірге. Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталып кетті. Әуелі елордада бастау алып, еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасқан тазалық сенбіліктеріне министр еріктілерді, үкімет мүшелерін, экобелсенділерді және барлық азаматтарды осы іске шақырды. Расында да, тек бір жақты әкімшіліктен ғана көмек күтпей, бүкіл халық мекеніміздің тазалығына атсалысса, қоршаған ортаға жасалған зор пайда болары сөзсіз.

karaarnasubbotnik1

Әлбетте бұл акция әуелі қаламызда, іле ауылдық округтерде де ұйымдастырылды. Қара-Арна ауылдық әкімшілігінің мәліметінше, сенбілікте Жем өзенінің округ аумағындағы жағалауы (6 км) тазаланып, 1 «КамАЗ», 1 «Газель» автокөлігімен 8 тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Сенбілікке округтегі мемлекеттік мекеме (әкімшілік, мектеп, балабақша, спорт мектебі) қызметкерлері, ауыл тұрғындары, барлығы 93 адам атсалысты.

С.МҰРАТҚЫЗЫ

COVID 19

covid

Күнтізбе