259 қоқыс алаңы анықталды

Жабайы қоқыс алаңдары жойылады

Атырау облысы бойынша стихиялық қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жүргізілуде – деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

kokistazalau1

Қалалық ТКШ бөлімінің мәліметіне сүйенсек, алдымен қала маңында пайда болған қоқыс алаңдарының 259 нүктесі анықталған. Мамандардың айтуынша, бұл үйінділер рұқсат етілмеген жерлерге қатты тұрмыстық қалдықтарды әкеп төгу салдарынан пайда болған. Мұндай жабайы қоқыс алаңдарын жою мақсатында «АрнаулыАвтобаза» мердігер мекемесі жанынан арнайы жұмысшы тобы құрылып, қажетті техникалар жұмылдырылды.

kokistazalau2

Күні бүгінде негізгі 3 алаң тазартылып, 120 тонна қоқыс шығарылған. Бұл жұмыстар келер жылы да жалғасын табады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521