Құлсары қаласы, И.Тайманов к-сі, 4 5-07-66

Волейбол жарысы Сүлеймен Құлжановты еске алуға арналды

Бұл турнир ауданымызда дәстүрлі түрде осымен 12-ші рет өткізілді. Оған көршілес Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданынан, ауданымыздағы ауылдар мен мекемелерден барлығы 8 команда қатысты. Жарыс нәтижесінде «Кегок» мекемесінің командасы жүлделі 1-орынды жеңіп алды. "ЮСС Супорт Сервисез" компаниясы 2-орынды қанжығасына байласа, «Жастар» құрама командасы 3-орынды еншіледі.

Сонымен қатар «Кегок» мекемесі командасының ойыншысы Данияр Мұхаммедқалиев «Үздік үйлестіруші», "ЮСС Супорт Сервисез" командасынан Рустем Төрембетов «Үздік ойыншы, «Жастар» құрама командасынан Тұрсынбек Керуенбаев «Үздік шабуылшы», Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі командасынан Жоламан Отаров «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша үздік атанды. Жеңімпаздар мен үздіктер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің медаль және кубоктарымен марапатталды.

Сондай-ақ жеңімпаз командаларға Құлжановтар әулеті мен турнирдің бас демеушісі, «МАКО» мекемесінің басшысы Келбатыр Құлғазиевтар бағалы сыйлықтар табыс етті.

Қ.Нұртайұлы.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?

k

k