ads_banner

президент

  • Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Мемлекеттері басшыларының кеңесіне қатысу үшін Ашхабадқа келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    «Қазақстан Президенті Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі деп жоспарланған. ТМД елдері басшыларының саммитінде Мемлекет басшысы ұйымды одан әрі дамыту бойынша өзінің көзқарасын білдіріп, Достастық елдерінің өзара экономикалық байланыстарын арттыру шаралары бойынша нақты ұсыныстарын айтпақ», - деп жазды Facebook-те Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

    tokaevashxabadta1

    Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Ашхабадта бірқатар көпжақты келісімдерге қол қойылатыны күтіледі. Сондай-ақ, Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына орай ТМД халқына және әлемдік қоғамдастыққа Үндеу жарияланбақ.

    inform.kz

  • Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын

Жарнама

ads_banner2

Жарнама

ads_banner2

ads_banner