Алмалы ауылындағы жылыжай жұмысшыларына Президент Жолдауы түсіндірілді

Атырау облысы Алмалы ауылында орналасқан «Айдана Агро» шаруа қожалығының жылыжайында ақпараттық-талдау тобының мүшелері жұмысшылармен кездесті.

 

Кездесу барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басым бағыттар түсіндірілді.

 

Атап айтқанда, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, еңбек адамының қоғамдағы рөлі, цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту және ауыл шаруашылығын қолдау мәселелері сөз болды.

 

Сонымен қатар жылыжай қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ақпараттық-талдау тобының мүшелерімен пікір алмасты.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT