Жолдағы қателіктің қайтарымы жоқ

Мас күйінде көлік жүргізу – жай ғана жол ережесін бұзу емес, адам өміріне тікелей қауіп төндіретін жауапсыз әрекет.

Рөлге отырған әр адам өз өмірімен ғана емес, жолдағы басқа адамдардың да қауіпсіздігімен жауап береді.

 

 Алкоголь ішкеннен кейін адамның реакциясы баяулап, жолдағы жағдайды дұрыс бағалау қабілеті төмендейді. Осындай сәтте жүргізуші өзін көлікті басқаруға қабілетті сезінгенімен, іс жүзінде оның әрекеті күтпеген жағдайға әкелуі мүмкін. 

 

 Меніңше, нағыз жауапкершілік – жазадан қорқуда емес, қауіптің алдын ала білуде. Мас күйінде көлік жүргізбеу – өз өміріңді ғана емес, өзге адамдардың өмірін де құрметтеу. Жолға шыққанда әр жүргізуші осыны есте ұстауы қажет.

 

                   Жазира Қайырова

        Атырау облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT