«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектебінде профилактикалық кездесу өтті.
Кездесуге Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Ерлан Габитов қатысып, оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтады.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтың, әсіресе есірткі қылмысы мен оны тұтынудың ауыр салдары түсіндірілді. Жастарға күмәнді ұсыныстарға ермей, заңсыз жолмен жеңіл табыс табудан аулақ болу ескертілді.
Полиция қызметкерлері жастарды заң талаптарын сақтап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП



