Атырау облысы полиция департаментінде құрылымдық бөлімшелер мен қала-аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлеріне арналған «Полицияның ақпараттық саясаты: заманауи коммуникация және қоғаммен тиімді байланыс» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында ақпараттық саясаттың негізгі бағыттары мен әлеуметтік желілерді тиімді жүргізу мәселелері талқыланды.
Іс-шара қорытындысында Департамент бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев ақпараттық жұмысқа белсенді үлес қосқан қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады.



