Менің ойымша, заңсыз саудаға жол бермеу – қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңызды бағыттарының бірі.
Белгіленбеген жерде сауда жасау көшелердің тазалығы мен көркіне ғана емес, тұрғындардың қауіпсіздігіне де әсер етуі мүмкін.
Саудамен айналысатын әр азамат өз қызметін заң талаптарына сай жүргізіп, белгіленген орындарды пайдалануы қажет. Бұл – кәсіпкердің де, тұтынушының да мүддесін қорғайды.
Заң талаптарын сақтау арқылы біз тәртіпті қалыптастырып қана қоймай, адал кәсіп жүргізуге де жағдай жасаймыз. Сондықтан әр азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарап, сауда ережелерін сақтауы керек деп есептеймін.
Жәнібек Раушанұлы
Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы



