Атырауда «Таза Қазақстан» аясында абаттандыру талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді.
21-29 қыркүйек аралығында полиция қызметкерлері абаттандыру қағидаларын бұзудың 257 дерегін анықтады. Оның ішінде бес құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанып жасалған.
Мәселен, 23 қыркүйекте Өркен ықшам ауданындағы Мұқаш мәйіті тұсында 1979 жылы туған азамат КамАЗ көлігімен шөп қалдықтарын белгіленбеген жерге төккен. Тексеру кезінде оның осыған ұқсас құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталағаны белгілі болды. Осыған байланысты азамат ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Полицияның мәліметінше, анықталған барлық дерек бойынша тиісті әкімшілік шара қабылданған.
Абаттандыру талаптарын бұзу, соның ішінде қоқыс пен өзге де қалдықтарды белгіленбеген орындарға төгу заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеледі. Сондықтан тазалықты сақтау тек арнайы акциялар кезінде емес, күнделікті дағдыға айналуы маңызды.
Құзырлы органдар тұрғындарды қалдықтарды белгіленген орындарға тастап, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.



