Қызылқоға ауданы Миялы ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында Миялы ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шара жүргізілді.
Рейд барысында ауыл аумағындағы тазалық пен тәртіптің сақталуы назарға алынып, тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстау, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамау және абаттандыру талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – ауыл тазалығын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ



