«Полицей болғым келеді»: Өңірдің бас полицейі болашақ тәртіп сақшыларымен кездесті

 Атырау облысы полиция департаментінде жасөспірімдердің полиция қызметіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «Полицей болғым келеді» іс-шарасы өтті.

Іс-шараға болашақта полицей болуды армандайтын жасөспірімдер қатысты.

 Кездесу барысында Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев балалармен пікір алмасып, олардың полиция қызметі туралы ойлары мен қызығушылықтарын тыңдады. Естелік сыйлықтар табысталды.

 Жас жеткіншектер департаменттің тыныс-тіршілігімен танысып, полицейлердің күнделікті атқаратын қызметімен танысты. Сондай-ақ, полиция қызметінің негізгі бағыттары, қызметтік міндеттер мен полицей болуға қойылатын талаптар туралы мағлұмат алды.

 

#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT