Маңызды жобалар

Біздің басты мақсатымыз қала тұрғындары үшін қолайлы, қауіпсіз әрі заманауи қалаға айналдыру. Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан әрбір жоба халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам. Сондықтан қала аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс және жаңғырту жұмыстары кешенді түрде, жүйелі жоспар негізінде іске асырылуда.

Спорт алаңдары, мектеп инфрақұрылымы, саябақтар мен жол желісі  мұның барлығы қала тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер етеді. Әсіресе, жастар мен балалар үшін қолайлы орта қалыптастыру біздің басым бағыттарымыздың бірі. Себебі дені сау, белсенді ұрпақ елдің болашағы. Сондықтан біз тек спорт алаңдарын көбейтіп қана қоймай, олардың сапасына, қолжетімділігіне және қауіпсіздігіне де ерекше назар аударып отырмыз. Әрбір бала өз ауласында немесе өз ықшам ауданында емін-еркін спортпен айналысып, бос уақытын тиімді өткізе алуы тиіс. Бұл олардың дұрыс қалыптасуына, салауатты өмір салтын ұстануына және түрлі зиянды әдеттерден алшақ болуына тікелей әсер етеді.Осы ретте, біз әрбір ықшам ауданда спортпен айналысуға, демалуға және бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік беретін нысандарды көбейтуге ерекше мән беріп отырмыз. Алдағы уақытта мұндай алаңдардың санын арттырумен қатар, оларды заманауи талаптарға сай жабдықтау, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де қолжетімді ету бағытында жұмыстар жүргізілетін болады. Біз қала тұрғындарының барлығы үшін тең мүмкіндік жасауға ұмтыламыз. Сонымен қатар, қала көшелерінің инфрақұрылымын дамыту, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жолдарды көбейту арқылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  басты назарымызда. Қауіпсіз әрі жайлы қозғалыс кез келген қаланың дамуының маңызды көрсеткіші. Осы бағытта біз жол сапасын жақсарту, жаяу жүргіншілер аймақтарын кеңейту, жарықтандыру жүйесін жетілдіру секілді кешенді шараларды жүзеге асырып келеміз. Бұл тек көлік қозғалысын реттеп қана қоймай, тұрғындардың күнделікті өмірін анағұрлым ыңғайлы етеді. Қаладағы әрбір жоба тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып жүзеге асырылуда. Біз халықпен тығыз байланыста жұмыс істеп, олардың талап-тілектеріне сай шешімдер қабылдауға тырысамыз. Ашықтық пен кері байланыс  біздің жұмысымыздың негізгі қағидаттарының бірі. Тұрғындардың пікірі біз үшін әрдайым маңызды, сондықтан әрбір бастама қоғамдық сұранысқа негізделеді.

Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады. Құлсары қаласы жылдан-жылға көркейіп, тұрғындар үшін жайлы әрі тартымды мекенге айнала береді деп сенемін. Біз басталған жобалардың барлығын сапалы әрі уақытылы аяқтауға күш саламыз. Сонымен қатар, жаңа жобаларды іске асыру кезінде заманауи технологияларды енгізу, экологиялық талаптарды сақтау және қаланың сәулеттік келбетіне ерекше мән беру де басты назарда болады. Біздің мақсат қаламызды ертеңгі өскелең ұрпақ үшін қолайлы, өркендеген қалаға айналдыру.

Қадіржан Адинов, қала әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT