Мас күйінде көлік басқарған шетел азаматы қамауға алынды

🚔 Мас күйінде көлік басқа29 қыркүйек күні сағат 02:30 шамасында Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс – Ыбырай Алтынсарин көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Өзбекстан Республикасының азаматы Өзбекстан Республикасында тіркелген Daewoo Nexia автокөлігін басқарып келе жатып, басты жолмен келе жатқан JAC автокөлігімен соқтығысқан.

Тексеру барысында Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісінен алкогольдік ішімдіктің иісі сезілген. Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің алкогольдік мас күйде болғаны анықталды.

 

Іс-материалдары Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданып, сот қаулысымен аталған азамат 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Көлік арнаулы тұраққа қойылды.

 Полиция ескертеді: мас күйде көлік басқару және жол қозғалысы саласындағы өзге де құқық бұзушылықтар назардан тыс қалмайды. Жол қозғалысы талаптарын бұзған тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті жауапкершілікке тартылады.

 

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT