Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында құқыққа қайшы бейнежазба анықталды.

Instagram әлеуметтік желісінде ер адам қоғамдық орында бейнежазба түсіру кезінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны белгілі болды.

Кейін ол аталған бейнежазбаны өзінің Instagram парақшасында жариялап, құқыққа қайшы әрекетін көпшілікке қолжетімді еткен.

Полиция қызметкерлері оның жеке басын жедел анықтады. Құқық бұзушы 26 жастағы Балташ Шыңғысхан болып шықты.

Ол әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 тәулікке қамауға алынды.

Полиция әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізеді. Азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және әлеуметтік желілерде әдеп нормаларын ұстануға шақырамыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT