«Құқықтық тәртіп»: Атырауда екі күнде 450-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

Атырауда 20-23 қазан аралығында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның алғашқы екі күнінде 433 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

 

Реи‌дтер барысында қоғамдық тәртіпті бұзу, жол қозғалысы ережелерін сақтамау және көші-қон заңнамасын бұзу деректері тіркелді.

қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу және мас күи‌де жүру - 70 дерек;

ұсақ бұзақылық - 15 дерек;

қоғамдық орындарда тиісу - 61 дерек;

кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруі - 39 дерек.

жаяу жүргіншілерге жол бермеу - 98 дерек;

қарсы қозғалыс жолағына шығу - 9 дерек;

мас күи‌де көлік басқару - 4 дерек;

жүргізу құқығынан аи‌ырылған күи‌де көлік басқару - 8 дерек.

тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру - 62 дерек;

шетел азаматтарының Қазақстан заңнамасын бұзуы - 18 дерек;

көші-қон заңнамасын бұзу - 10 дерек.

 

Іс-шара барысында 13 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сонымен қатар, 3 адам қабылдау-тарату орнына, 8 адам уақытша беи‌імдеу және детоксикация орталықтарына орналастырылды.

 

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT