Жылыой ауданы аумағында 2-4 қыркүйек аралығында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Қауіпсіз отбасы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Шара барысында полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған, отбасылық жанжалға бейім азаматтарды тексеріп, елді мекендерде аулалық аралау жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар анықталып, оларға әлеуметтік көмек көрсету үшін мәліметтер «FSM Social» мобильді қосымшасына енгізілуде.
Білім беру ұйымдарында да оқушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері мен салдары түсіндіріліп, құқықтарын қорғау және көмекке жүгіну тәртібі бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
А.Ерденқызы



