Өңірдің бас полицейі қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицейдің ұлын алғашқы қоңыраумен құттықтады

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі болған полиция қызметкері Анарбек Сариев 2020 жылы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан.

Биыл оның ұлы Дидар Анарбекұлы Сариев «Sana» бастауыш мектебінің 1-сыныбына қабылданып, алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.

Осыған орай Атырау облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев мектепке арнайы барып, жас өренді алғашқы қоңырауымен құттықтап, елге қызмет ететін азамат болып қалыптасуына ақжолтай тілек білдірді.

Қаза болған әріптестеріміздің отбасына қолдау көрсету – полиция қызметіндегі маңызды дәстүр.

 

#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT