Департаментте құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

#ЗАҢМЕНТӘРТІП 

5 мамырда Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша ведомствоаралық кездесу өтті.

 

Кеңеске Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Ернар Базаров төрағалық етті. Іс-шараға психикалық денсаулық, денсаулық сақтау, сот жүйесі және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ полиция бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

 

Кездесу барысында екі маңызды мәселе қаралды. Біріншісі – сот қаулыларының орындалуы, оның ішінде психокоррекциялық бағдарламалардың тиімділігі мен құқық бұзушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту тетіктері. Екіншісі – уақытша уытсыздандыру орталықтары мен нашақорлыққа тәуелді тұлғаларды емдеу мекемелерінің жұмысындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары.

 

Аталған бағыттар бойынша ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығының м.а. полиция полковнигі Абзал Әліпқалиев баяндама жасап, нақты ұсыныстарын ұсынды.

 

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT