Департаментте үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл талқыланды

1 қазан күні Атырау облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ернар Мейрамбекұлы Базаров мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

 

Кездесудің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейтіп, бірлескен жұмысты жүйелеу.

 

 «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңға сәйкес, үкіметтік емес ұйымдар да құқық бұзушылық профилактикасына қатысады.

 

 Жыл басынан бері полиция қызметкерлері ҮЕҰ өкілдерімен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, есірткі қылмыстарының, жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында 59 іс-шара өткізді.

 

 Бұл бағыттағы жұмыстарды полиция департаментінің бірқатар бөлімшелері тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT