Департамент бастығының қатысуымен саптық жиын өтті

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Оңал Бекеевтің қатысуымен полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің гарнизондық саптық жиыны өтті.

Саптық жиын барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқаратын жеке құрамның міндеттері нақтыланып, күшейтілген режимде қызмет атқару жөнінде тапсырмалар берілді.

- Жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелер мен елді мекендерде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бағытында кешенді жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейдтер, жаяу патрульдеу және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады. Біз үшін әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету – басты міндет, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Оңал Бекеев.

Жиын соңында қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметі мен кәсіби міндеттерін мінсіз орындағаны үшін бірқатар полицейлер Атырау облысы полиция департаменті бастығының Алғыс хатымен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT