Колледж студенттерімен өткен ақпараттық-түсіндіру кездесуінде болашақ маман иелеріне бопсалау, адам саудасы және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары туралы айтылды.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері бопсалаудың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын түсіндіріп, осындай жағдайға тап болған кезде құқық қорғау органдарына жүгінудің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, жастарға нашақорлық пен есірткі заттарының зияны, олардың адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және болашақ өміріне кері әсері түсіндірілді. Студенттерге заң талаптарын сақтап, зиянды әдеттерден аулақ болу, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алуға жауапкершілікпен қарау жөнінде айтылды.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП



